«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 146 шешімі
(2009.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қызылорда облысы әкімдігінің 2009.26.06. № 162 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысы әкімдігінің 2009.26.06. № 162 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының ХV сессиясының төрағасы |
І. Баймұханов |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Құдайбергенов |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2009.26.06. № 162 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қызылорда облыстық мәслихатының
2009 жылғы 27 наурыздағы
№ 146 шешімімен бекітілген
«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру
ЕРЕЖЕСІ
1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облыстың (қаланың, ауданның) игілігі жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.